Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Zagreb Open халықаралық рейтингілік турнирінде қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Айдос Сұлтанғали финалға шығу мүмкіндігін жіберіп алды.
Маусым енді ғана басталды. Айдос бұл жолы салмақ қумай, әдеттегі 60 кг орнына 63 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Сол себепті қарсыластар да, күрес динамикасы да өзгеше болды.
Сұлтанғалидың Загребтегі алғашқы белдесуі сәтті өтті. Ол мысырлық Адхам Эльсайедті 8:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Алайда екінші кездесуде Қызылорда облысының өкілі молдовалық Виталий Еременкоға есе жіберді — 4:5. Еременко — Еуропа чемпионатының қола жүлдегері әрі 2025 жылғы әлем чемпионы ретінде танылған балуан.
Нәтижесінде Айдос Сұлтанғали алтын медаль үшін күресті аяқтап, жұбаныш белдесулері арқылы қолаға үміткер болып қалды.
Айта кетейік, бұған дейін осы рейтингілік додада қазақстандық бірқатар спортшылар да жылдам жеңіліске ұшыраған еді. Олардың қатарында:
Сонымен қатар 63 кг салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық "классик" Дастан Зарлыханов та ұқсас нәтиже көрсетті. Алғашқы белдесуде үндістандық Четанды 7:6 есебімен жеңгенімен келесі кездесуде қарсыласына туше әдісін жасауға мүмкіндік беріп қойды.
Туған күні: 7 ақпан 1996 жыл
Туған жері: Қызылорда
Негізгі жетістіктері: Азия чемпионатының жеңімпазы, әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, 2025 жылғы әлем чемпионы
Әлемдік рейтинг: 60 кг салмақта 5-орын (45 000 ұпай)