Финалға бір қадам: 17 боксшымыз бүгін рингке шығады

Сарапшы, спорт журналисі

Олардың қатарында ағайынды Сабырхандар, Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай бар. Сонымен қатар, бұрдым боксшылар да жеңіс жолындағы жорығын жалғастырады. 

Финалға бір қадам: 17 боксшымыз бүгін рингке шығады
1bol.kz

Бүгін, 6 ақпанда, Испанияның Ла-Нусия қаласында өтетін Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері басталады. Финалға жолдама үшін қазақстандық боксшылар да шаршы алаңға шығып, жұдырықтасады. 

Қанша боксшы шығады?

Жартылай финалдық сессия аясында Қазақстан атынан 17 боксшы жұдырықтасады. Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Тікелей трансляцияны мына жерден көруге болады. 

Ринг A

  • Әйелдер, 65 кг: Нәзерке Серік — Пранджал Ядав (Үндістан)
  • Әйелдер, 80 кг: Гүзәл Садықова — Найна (Үндістан)
  • Әйелдер, +80 кг: Үмида Садықова — Каур Манкират (Үндістан)
  • Ерлер, 50 кг: Санжар Тәшкенбай — Карлос Диас (Испания)
  • Ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан — Сингх Манденгбан Джадумани (Үндістан)
  • Ерлер, 70 кг: Төрехан Сабырхан — Хитеш (Үндістан)
  • Ерлер, 75 кг: Тимур Нұрсейітов — Акаш (Үндістан)
  • Ерлер, 85 кг: Нұрбек Оралбай — Рикардо Адриан Фреснеда (Испания)
  • Ерлер, +90 кг: Нұрасыл Асылхан — Дмитро Ловчинский (Украина)
Фото: Optimism.kz

Ринг B

  • Әйелдер, 48 кг: Елянур Тұрғанова — Марта Лопес дель Арболь (Испания)
  • Әйелдер, +80 кг: Панар Сейтханқызы — Тиндая Лусия Гуллен Ортис (Испания)
  • Ерлер, 50 кг: Нұрзат Оңғаров — Исмаэль Маграуи (Испания)
  • Ерлер, 70 кг: Нұрбек Мұрсал — Дипак (Үндістан)
  • Ерлер, 75 кг: Аман Қонысбеков — Юрий Захареев (Украина)
  • Ерлер, 80 кг: Азамат Бектас — Анкуш (Үндістан)
  • Ерлер, 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Павло Мичковский (Украина)
  • Ерлер, +90 кг: Айбек Оралбай — Андрей Халецкий (Украина)

Финалдық жекпе-жектер 7 ақпанда өтеді. Естеріңізде болса, қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ел қоржынына мерзімінен бұрын медаль салған еді. 

Айта кетейік, Boxam Elite-2026 — Қазақстан ерлер құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми турнир. Ол бұл қызметте Қайрат Сәтжановтың орнын басты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір