Реклама
Реклама

Израиль құрамасын Олимпиадада тонап кетті

Сарапшы, спорт журналисі
09.02.2026, 18:28

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары кезінде Израиль құрамасы тонауға ұшырады. 

instagram/@ajedelman

Апартаментке басып кірген

Израильдің бобслей құрамасының мүшесі Адам Эдельман әлеуметтік желідегі парақшасында Олимпиадаға дайындық барысында олардың тұратын апартаментіне қаскөйлер заңсыз кіргенін жазды.

Оқиға салдарынан спортшылар ірі көлемде қаржылық шығынға ұшыраған.

Эдельманның сөзінше, ұрланған заттардың ішінде бірнеше мың доллар, команданың төлқұжаттары бар.

Полиция тергеу бастады

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерден полиция қызметкерлерінің оқиға орнында саусақ іздерін алып жатқанын көруге болады. Қазір жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Адам Эдельман – Израиль спорт тарихында ерекше орын алатын атлет.

Ол 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасында (Оңтүстік Корея) Израиль атынан шанамен сырғанау спортында өнер көрсеткен алғашқы спортшы атанды

Кейін бобслейге ауысып, ел тарихында тұңғыш рет Израиль құрамасын Қысқы Олимпиада–2026 ойындарына жолдама алуға жеткізді. 

Реклама
Реклама