Реклама
Реклама

Қазақстан рекордтық стадион жобасынан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
09.02.2026, 23:26

Алматы облысының әкімдігі жаңа Алатау қаласында жоспарланған 50 мың орындық жабық футбол стадионын салу идеясынан ресми түрде бас тартты.

NUR.kz

Жоба қалай басталды?

2023 жылы Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында көрсетілген жаңа Алатау қаласының макетінде ірі жабық стадион көзге түскен. Ал 2024 жылы Алатаудың даму жоспары таныстырылған кезде агломерациядағы төрт ауданның бірі саналатын GOLDEN District аумағында 50 мың көрерменге арналған арена орналастыру ұсынылғаны айтылған.

Алайда 2026 жылға қарай өңір басшылығы бастапқы жоспарды қайта қарап, мұндай ауқымды спорт нысанын салу күн тәртібінен алынғаны белгілі болды.

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы: "Билік стадион салу жоспарынан бас тартты" деген ақпаратты растаған.

Қазақстанда жаңа стадиондар салына ма?

Бұған дейін Алматы әкімдігі де жаңа футбол стадионын салатынын мәлімдеген. Жобада 45 мың орындық арена қарастырылған. Сонымен қатар Ақтөбеде 35 мың орындық стадион құрылысы жоспарланып отырғаны да хабарланған.

Реклама
Реклама