Реклама
Реклама

"Онымен секірмеңіздер": Олимпиада чемпионы медаль сапасына шағымданды

Сарапшы, спорт журналисі
10.02.2026, 17:00

АҚШ-тың тау шаңғысы спортындағы жылдам түсу дисциплинасынан Олимпиада чемпионы Бризи Джонсон Италиядағы ойындардан кейінгі баспасөз мәслихатына сынған медальмен келді. Спортшының айтуынша, ақау жеңісті атап өту кезінде болған. 

forbes.ru

Медальдың лентасы үзіліп кеткен

Джонсон жеңісінен кейін журналистер алдында медальдың лентасы ажырап қалғанын көрсеткен. Қуаныштан секіріп, мерекелік сәтте байқамай бүлдіріп алған.

"Онымен секірмеңіздер. Мен қуаныштан секірдім де, медаль сынып қалды. Оны біреу жөндеп береріне сенемін. Қатты сынған жоқ, бірақ аздап бүлінді", — деді ол баспасөз мәслихатында.

Спортшы медальды бастапқы қалпына келтіруге көмектесетін маман табылар деп үміттенеді.

Бұл жалғыз жағдай емес

Джонсонның оқиғасы Олимпиадада жүлделер сапасына қатысты жалғыз шағым емес екені айтылды. Бұған дейін әлеуметтік желіде АҚШ спортшысы Алиса Лю да медаліндегі ұқсас ақауды көрсеткен. Ол мәнерлеп сырғанаудан командалық сайыста чемпион атанған.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиадада да жүлделердің сапасына қатысты спортшылар тарапынан сын айтылған еді. Демек, Олимпиада медальдарының төзімділігі мен өндіріс стандарты қайта қаралуы мүмкін деген пікірлер күшейіп отыр.

Реклама
Реклама