Реклама
Реклама

Қазақстан Олимпиада-2026 ойындарының финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
10.02.2026, 16:22

Финалдық бәсеке 12 ақпанда өтеді.

Павел Колмаков. Фото: ҰОК

Қазақстандық фристайлшы Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарында могул сайысынан алғашқы іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.

Финалға тікелей жолдама алу үшін үздік 10 спортшының қатарына кіру қажет болды. Өз өнерінің қорытындысы бойынша Колмаков 76,24 ұпай жинап, тоғызыншы орынға ие болды. Осы нәтиже оған финалдың бірінші кезеңіне тікелей шығуға және жүлделер үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.

Финал екі күннен кейін болмақ

Айта кетейік, алғашқы ондыққа ене алмаған спортшылар финалға екінші іріктеу кезеңі арқылы өту мүмкіндігіне ие болады. Могулдан ерлер арасындағы екінші іріктеу кезеңі мен финалдық жарыстар 12 ақпанда өтеді.

29 жастағы Павел Колмаков – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ әр жылдардағы Универсиадалардың толық жүлде жиынтығына ие спортшы.

Реклама
Реклама