Олимпиада-2026: Қазақстанның үш үміті финалға шықты
11.02.2026, 16:43
Милан және Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарындағы әйелдер арасындағы фристайл-могул жарысында үш қазақстандық финалға жолдама алды.
Спортты дамыту дирекциясы
Екінші іріктеу: үш қазақстандық та топ-10-ға кірді
Финалдық кезеңге жолдама алу үшін спортшыларға іріктеуде үздік ондыққа ену қажет болды. Екінші квалификацияда ең жоғары нәтижені Юлия Галышева көрсетті: 73.08 ұпаймен 5-орын алды.
Қалған қос спортшы да талаптан сүрінген жоқ:
- Анастасия Городко — 71.52 ұпай, 7-орын;
- Аяулым Әміренова — 68.98 ұпай, 10-орын.
Осылайша Қазақстаннан үш могулшы финалға өтті және жүлде үшін таласады.
Бірінші квалификацияда жағдай қалай болды?
Айта кетейік, 10 ақпанда өткен алғашқы іріктеуде қазақстандықтар бірден финалға өте алмады:
- Городко — 12-орын,
- Галышева — 14-орын,
- Әміренова — 20-орын.
Әйелдер арасында фристайл-могул бағдарламасындағы бірінші және екінші финал 11 ақпанда өтеді. Басталу уақыты — 18:15 (Қазақстан уақытымен).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама