Осы кезге дейін ұлттық құрама бапкері Қайрат Сағадиев болған еді.
Қазақстан Күрес федерациясының баспасөз қызметі әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды, деп хабарлайды ҰОК.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл қызмет Нұрсұлтан Теміровке сеніп тапсырылды.
Теміров жаттықтырушылық жолын 2014 жылы бастаған. Әр жылдары жасөспірімдер мен жастар құрамаларында, сондай-ақ ұлттық құрамда аға жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Соңғы үш жылда әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарған.
Ол әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенованы және өзге де бірқатар балуандарды дайындаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасын Қайрат Сағадиев жаттықтырған болатын.