20 жастағы қазақстандық шаңғышы Олимпиада чемпионын шаң қаптырып кетті
12.02.2026, 19:09
Александра Скороходова Олимпиада ойындарының финалының супергигант сайысында мәреге жеткендердің қатарынан табылды.
olympic.kz
20 жастағы спортшы күрделі трассаны 1 минут 31,22 секундта еңсеріп, қорытынды есепте 25-орынға тұрақтады. Ол көшбасшыдан 7,81 секунд кейін келді.
Финалдық бәсекеде жалпы 42 қатысушының 17-сі қашықтықты толық аяқтай алмай, дисквалификация алды. Мәреге жетпегендердің арасында АҚШ өкілі, осы Олимпиаданың жылдамдықпен түсу дисциплинасындағы чемпионы Бризи Джонсон да бар.
Осылайша Скороходова өз мансабындағы алғашқы Олимпиадасында супергигантта мәреге жетіп, нәтижесі бойынша атақты америкалық чемпионнан жоғары орынға ие болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама