Реклама
Реклама

Тарихи сәт! Михаил Шайдоров – Олимпиада-2026 чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
14.02.2026, 09:48

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ел тарихындағы алғашқы алтынды жеңді.

Михаил Шайдоров. Фото: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Шайдоров қандай нәтижеге қол жеткізді?

Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша Шайдоров 198.64 ұпай жинап, қысқа бағдарламамен қоса есептегенде жалпы 291.58 ұпай көрсеткішіне қол жеткізді. Нәтижесінде Михаил сенсациялық түрде алтын медаль иегері атанды. Еске салайық, қысқа бағдарламадан кейін ол аралық есепте бесінші орында тұрған еді.

Күміс жүлдені жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Юма Кагияма иеленді. Ол еркін бағдарламада 176.99 ұпай жинап, жалпы 280.06 ұпаймен жарысты аяқтады. Ал қола медальды тағы бір жапониялық спортшы — Сато Сун жеңіп алды: еркін бағдарламада 186.20 ұпай, жалпы есебі — 274.90 ұпай.

Реклама
Реклама