Реклама
Реклама

Олимпиада-2026: Бүгін кім сынға түседі?

Сарапшы, спорт журналисі
17.02.2026, 09:09

Қазақстандық спортшылар төрт спорт түрінен бақ сынайды. Жарыстарды тікелей эфирде тамашалауға болады. 

NUR.KZ

Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының 11-жарыс күнінде яғни 17 ақпанда Қазақстан құрамасы төрт бағдарлама бойынша сынға түседі. Жарыстарды тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.

Кім өнер көрсетеді?

Шаңғы қоссайысы (үлкен тұғыр)

  • Басталуы: 14:00
  • Қазақстан атынан: Шыңғыс Рақпаров

Спортшымыз үлкен тұғырдан секіру кезеңінде бақ сынайды.

Фото: vesti.kz

Фристайл-акробатика (әйелдер)

  • Басталуы: 14:40
  • Қатысушы: Аяна Жолдас

Бұл кезеңде спортшылар финалға жолдама алу үшін іріктеуден өтеді.

Фристайл-акробатика (ерлер)

  • Басталуы: 17:30
  • Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхамед Раимқұлов, Роман Иванов

Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда өнер көрсетеді.

Мәнерлеп сырғанау (әйелдер, қысқа бағдарлама)

  • Басталуы: 22:45
  • Қазақстан атынан: Софья Самоделкина

Бұл кезең спортшының финалға өту мүмкіндігін айқындайды.

Қазақстан қазір қай орында?

Қазіргі таңда Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан қоржынында бір алтын медаль бар. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды. Соның арқасында ұлттық құрама жалпы есепте 17-орында келеді. 

Реклама
Реклама