"Семей" футзал клубы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчта Францияның "Этуаль" командасын қабылдады.
Семейде өткен кездесуде қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Матч барысында француздар тиімді сәттерін мүлт жібермей, маңызды нәтижеге жетті.
Жеңімпаздар сапында Билал Баккали дубль авторы атанса, тағы бір голды Уассини Гирьо соқты. Ал қазақстандық команда құрамынан Камиль Герейханов пен Марсело мергендік танытты.
Осылайша екі ойынның нәтижесі бойынша қазақстандық клуб француздарға 6:8 есебімен жол берді. Алғашқы матч 4:5 есебімен аяқталған.
"Семей" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмады. Бұл нәтиже қазақстандық жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болды.
Ширек финалдағы қос матчтың қорытындысы бойынша турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алатын төрт команда анықталады. Чемпиондар лигасының шешуші ойындары 8-10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтеді.