Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті.
Қазақстандық танымал гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзербайжан) ұйымдастырылған әлем кубогы кезеңінде еркін жаттығулар бағдарламасында үздіктер қатарынан көрінді.
Финалда отандасымыз төрешілерден 14.300 ұпай алып, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Бұл сында бірінші орынды Беларусь өкілі Егор Шарамков иеленді. Оның нәтижесі — 14.533 ұпай. Ал үздік үштікті жапониялық гимнаст Кадзуки Минами түйіндеді. Ол 14.200 ұпай жинады.
Айта кету керек, Милад Карими еркін жаттығулар бойынша финалға іріктеу кезеңіндегі ең жоғары нәтижемен жолдама алған. Бұл оның жарысқа өте жоғары дайындықпен келгенін аңғартты.
Сонымен қатар қазақстандық гимнаст әлі де жарысты жалғастырып, кермедегі жаттығуларда жүлде үшін таласады.
Милад Карими — Қазақстан спорттық гимнастикасының көшбасшыларының бірі. Ол:
Айта кетсек, Азия чемпионаты мен Универсиадада ол кермедегі жаттығуларда топ жарған. Ал әлем чемпионатында еркін жаттығулардан қола медаль иеленген.