Надежда Морозова Нидерландтың Херенвен қаласындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында ел қоржынына қола медаль салды.
Морозова 500 метр қашықтықтағы жарыста мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдені иеленді. Отандасымыз бұл бәсекеде 38.72 секунд көрсеткіш тіркеді.
Алтын медаль жапониялық Михо Такагиге бұйырды. Ол жарысты 37.75 секундпен аяқтады. Ал екінші орынды нидерландтық Антуанетте де Йонг иеленді.
Бұған дейін осы әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түскен Артур Галиев 1000 метр қашықтықтағы екінші жарыста 22-орынға тұрақтаған еді.
Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан атынан барлығы үш спортшы өнер көрсетуде.
Классикалық көпсайыс:
Надежда Морозова
Спринтерлік көпсайыс: