Реклама
Реклама

Қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғаған ең жас спортшы Еуропа кубогын еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі
07.03.2026, 20:18

Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласындағы Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді.

olympic.kz

Еуропаны бағындырды

Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жеке сында үздік нәтиже көрсетті. Төрешілер Асылхан Асанның өнеріне 99.84 ұпай берді. Бұл көрсеткіш оған жарыстың алтын жүлдесін әперді.

Күміс медальді Украина өкілі Роман Бондарчук еншіледі. Оның нәтижесі — 99.45 балл. Ал үздік үштікті канадалық Эллиот Примо түйіндеді.

Асылхан Асанның Олимпиададағы көрсеткіші

Айта кетейік, Асылхан Асан небәрі 16 жасында Қазақстан құрамасы сапында 2026 жылғы Италия Олимпиадасында дебют жасаған. Аралас командалар бәсекесінде ол жетінші орынға ие болды.

Ал жеке сында жарысты 18-орынмен аяқтады.

Реклама
Реклама