Реклама
Реклама

ӘЧ-2026: Қазақстан намысын кім қорғайды?

Сарапшы, спорт журналисі
09.03.2026, 22:10

Байрақты бәсеке 2026 жылдың 2–8 мамыры аралығында Египеттің Исмаилия қаласында өтеді.

olympic.kz

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды. Жуырда алдын ала тізім жария болды. 

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ел намысын бұл турнирде бірнеше өңірдің дарынды жас спортшылары қорғайды.

Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы

Қыздар

  • 77 кг – Айғаным Жанболат (Алматы облысы)
  • 77 кг – Аянат Жұмағали (Алматы қаласы)

Жігіттер

  • 65 кг – Бейбарыс Ерсейіт (Қызылорда облысы)
  • 71 кг – Әлихан Әскербай (Жетісу облысы)
  • 79 кг – Ақжол Құрманбек (Жетісу облысы)
  • 88 кг – Ерасыл Сәулебеков (Қызылорда облысы)

Егер спортшылардың бірі жарақат алып қалса немесе басқа да күтпеген жағдай болса, құрамда өзгерістер болуы мүмкін.

Айта кетейік, халықаралық дода 2026 жылдың 2–8 мамыры аралығында Египеттің Исмаилия қаласында өтеді.

Реклама
Реклама