Ауқымда жобаға 27 мектептің оқушысы қатысты.
Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған ерекше шара өтті. Қаладағы мың жарымға жуық оқушы қыз бір уақытта "Бес асық" ойынын ойнап, жаңа рекорд тіркеуге талпыныс жасады.
Ауқымды шараға Көкшетаудағы 27 мектептің оқушылары қатысып, ұлттық ойынның маңызын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды жоба саналады.
Ақмола облысында қазіргі таңда:
Сонымен қатар облыс құрамасы түрлі республикалық жарыстарда өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Соңғы жылдары Қазақстан мектептерінде ұлттық ойындарды оқу бағдарламасына енгізу жұмыстары жүргізілуде. "Бес асық" ойыны да оқушылар арасында кеңінен насихатталып келеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Көкшетауда өткен бұл шараның нәтижесі Қазақстан рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана 18 мыңнан астам бала бір уақытта асық ойнап, рекорд тіркеген еді.