Ауқымды шара Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды.
Ауқымды жоба Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас буынның дәстүрлі ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған.
Іс-шара аясында 3000-ға жуық бала қатысқан "Алтын сақа" атты ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Қатысушылар алаңда арнайы орналасып, асықтың "алшы" түсу бейнесін және "Алтын сақа" жазуын қалыптастырды.
Музыка ырғағымен балалар түрлі би қозғалыстарын орындап, ұлттық ойынның көркем мазмұнын заманауи форматта көрсетті.
Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі — оны Айдар есімді жасанды интеллекттің жүргізуі болды. Бұл цифрландыру жылы аясындағы символикалық шешімдердің бірі ретінде атап өтілді.
Флешмоб аяқталған соң, жасанды интеллект Астанадағы барлық білім беру мекемелерінде — мектептер мен балабақшаларда асық ойыны басталғанын ресми түрде жариялады.