Көкшетауда 1,5 мың қыз бір уақытта асық ойнады

Сарапшы, спорт журналисі

Ауқымда жобаға 27 мектептің оқушысы қатысты. 

Көкшетауда 1,5 мың қыз бір уақытта асық ойнады
e-history.kz

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған ерекше шара өтті. Қаладағы мың жарымға жуық оқушы қыз бір уақытта "Бес асық" ойынын ойнап, жаңа рекорд тіркеуге талпыныс жасады.

27 мектеп ауқымды жобаға қатысты

Ауқымды шараға Көкшетаудағы 27 мектептің оқушылары қатысып, ұлттық ойынның маңызын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды жоба саналады.

Ұлттық спортқа қызығушылық артып келеді

Ақмола облысында қазіргі таңда:

  • 400-ден астам ұлттық спорт үйірмесі жұмыс істейді
  • 5000-нан астам оқушы "Бес асық" ойынымен тұрақты айналысады.

Сонымен қатар облыс құрамасы түрлі республикалық жарыстарда өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып жүр.

"Бес асық" мектеп бағдарламасына енгізілуде

Соңғы жылдары Қазақстан мектептерінде ұлттық ойындарды оқу бағдарламасына енгізу жұмыстары жүргізілуде. "Бес асық" ойыны да оқушылар арасында кеңінен насихатталып келеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Көкшетауда өткен бұл шараның нәтижесі Қазақстан рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана 18 мыңнан астам бала бір уақытта асық ойнап, рекорд тіркеген еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір