Қысқы Азиада-2029: Алматыда дайындық қашан басталады?

Сарапшы, спорт журналисі

Ұйымдастыру комитеті құрылып, негізгі жоспарлау жұмыстары жақын уақытта қолға алынбақ.

Қысқы Азиада-2029: Алматыда дайындық қашан басталады?
kaz.inform.kz

Қазақстан 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Алматыда өткізу құқығына ресми түрде ие болды. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен Азия Олимпиада кеңесі арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды.

Дайындық жұмыстары енді басталады

2026 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ұйымдастыру комитетін құру, жарыс бюджетін жоспарлау жұмыстары енді ғана жоспарланып жатыр.

"Жақын арада мүдделі мемлекеттік органдар мен спорт ұйымдарының қатысуымен бірқатар кеңестер өткізу жоспарлануда. Осы кеңестердің қорытындысы бойынша дайындықты, Ойындарды өткізу бағдарламасын, алдын ала есептеулерді және қажетті нормативтік шешімдерді қоса алғанда, одан арғы ұйымдастырушылық қадамдар айқындалады", – деп хабарлады Спорт министрлігі.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, мұндай ірі мультиспорттық жарыстарды өткізу үшін арнайы ұйымдастыру комитеті құрылады.

Оның негізгі міндеттері:

  • Азия Олимпиада кеңесімен және халықаралық федерациялармен жұмыс
  • жарыс бағдарламасын бекіту
  • бюджетті басқару
  • барлық дайындық процестерін үйлестіру

Инфрақұрылым мәселесі: жабық мұз айдыны жоқ

Азиада ойындары Алматыдағы қазіргі спорт нысандарында өтеді деп жоспарланған.

Алайда бір маңызды мәселе бар — конькимен жүгіру спортына арналған жабық арена қалада жоқ. Ал халықаралық талап бойынша бұл жарыс міндетті түрде жабық кешенде өтуі тиіс.

Логотип, бойтұмар және ұран әзірленеді

Азиадаға дайындық аясында:

  • логотип
  • бойтұмары
  • ресми ұран әзірленеді.

Әдетте мұндай символдарды таңдау үшін ашық конкурс жарияланады және оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Айта кетейік, қысқы Азия ойындары 2029 жылдың алғашқы қыс айларында Алматыда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір