Петропавлдық ұстаз Гиннес рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

35 жастағы ұстаз кермеде 2 минут 7 секунд бойы екі саусақпен ілініп тұрды.

Петропавлдық ұстаз Гиннес рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)
Inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында тұратын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Анатолий Висельский ерекше жетістігімен әлемге танылды. Ол екі саусақпен кермеде асылып тұру бойынша әлемдік рекорд орнатып, Гиннес рекордтар кітабына енді.

35 жастағы ұстаз кермеде 2 минут 7 секунд бойы екі саусақпен ілініп тұрды. Осылайша, италиялық спортшы Марчелло Ферридің көрсеткішінен асып түсті.

Анатолийдің айтуынша, бұл жетістік ұзақ жылдар бойы жасалған еңбектің нәтижесі.

"Алғашында әлемдік рекорд – 1 мин 23 секунд болған екен. Оны мен бірден жаңарттым. Екі аптадан кейін гиннес кітабындағы көрсеткішті өзгерттім. Мұндай нәтижеге өмір бойы жасаған дайындықтың арқасында қол жеткіздім. Ауылда үйдің ішінде турник орнатып, әсіресе қыс уақытында інім екеуімз сағаттап жарыса тартылатын едік" - дейді Анатолий Висельский.

Анатолий Висельский — ауылдан шыққан қарапайым азамат. Анасының жолын қуып, бүгінде мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

Турник трендке айналды

Мамандардың айтуынша, екі саусақпен кермеде асылып тұру — өте қиын жаттығу. Соған қарамастан, ұстаздың жетістігі шәкірттеріне де үлкен мотивация болған. 

"Рекорд жаңарған соң тренд басталып, қауымдастық құрылды. Яғни уақыт өткен сайын Анатолийге еліктейтіндер көбейіп келеді. Өзге қалалардан, тіпті басқа елденде азаматтар байланысқа шығып, біздің әріптесті әлі жеңе алмай жатыр. Мектеп оқушылары да осы спортқа бет бұрды. Қазір дәлізге жаппай турник іліп қойдық. Балалар бос кезінде бәстесіп, спортпен шұғылдана бастады" - дейді мектеп директоры Күлімкөз Смаилова.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір