Ол 6–13 сәуір аралығында Аргентинаға қарсы матчқа қатысады.
Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін футзалшы Марсело Сантос Бразилия ұлттық құрамасына ресми шақырту алды.
"Семей" клубының ойыншысы Бразилия құрамасы сапында КОНМЕБОЛ Эволюция лигасы турнирінің финалдық кезеңінде өнер көрсетеді.
Бұл турнирде Бразилия құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матчтар 6–13 сәуір аралығында өтеді. Айта кетейік, Бразилия — осы турнирде титулы ең көп құрама саналады. Бес рет чемпион атанған.
Марсело Сантос 2025 жылдан бері "Семей" клубының намысын қорғап келеді. Бұған дейін ол Испанияның "Пальма" командасында өнер көрсетті.
Қазіргі таңда "Семей" Қазақстан чемпионатында 82 ұпаймен бірінші орында