"Төрт бала, бесіншісін күтіп жүрмін": Шавкат Рахмоновтың жары күтпеген жазба жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды.

"Төрт бала, бесіншісін күтіп жүрмін": Шавкат Рахмоновтың жары күтпеген жазба жариялады
instagram/@kerey_khan03

Ауыр жағдайға тап болды

Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы ішіндегі ауыр жағдайды меңзейтін жазба қалдырды. Ол жарияланымында балаларға қатысты жан күйзелісін жеткізіп, бұрын қамқор әке болған адамның көзқарасы өзгергенін ишарамен жазған.

Жазбада ол ажырасудан кейін балалар көбіне анаға ғана қажет болып қалатынын айтып, өзінің төрт бала тәрбиелеп отырғанын, сондай-ақ бесінші сәбиін күтіп жүргенін жеткізген.

Гүлайым Рахмонованың бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылана бастады. Көпшілік отбасылық жағдайға қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.

Алайда әзірге бұл мәселеге байланысты Шавкат Рахмоновтың өзі ресми пікір айтқан жоқ. Сондықтан тараптардың жеке өміріне қатысты жағдай біржақты бағаланбауы тиіс.

Бұған дейін жол апатына қатысты іс қозғалған еді

Еске салсақ, 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы — Екатеринбург тасжолында Toyota Land Cruiser 200 көлігін тізгіндеген Гүлайым Рахмонова жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Аталған оқиға салдарынан екі жолаушы көз жұмған. Қазір іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір