Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты резонанс "алдын ала ойластырылған қадам" деп бағаланды

Сарапшы, спорт журналисі
19.03.2026, 20:00

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонованың әлеуметтік желідегі жазбасы қоғамда үлкен талқылау туғызды.

instagram/@shavkatrakhmonov94

Желіде тараған жазбаға қатысты күмән айтылды

Nege.kz порталының мәліметінше, қазіргі сәтте әйел адамның шынымен Шавкат Рахмоновтың жары екеніне қатысты нақты дәлел көпшілікке ұсынылмаған. Портал тек есімі, тегі және балалардың спортшыға сырт келбеті жағынан ұқсастығы айтылып жүргенін алға тартады.

Сондай-ақ, Шавкат Рахмоновтың өзі бұл мәселеге байланысты әзірге ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.

“Бұл әдейі жасалған тактика болуы мүмкін” деген пікір айтылды

Материалда әлеуметтік желідегі пікірлерге сүйенген болжам да келтірілген. Онда кейбір қолданушылар бұл жағдайды сот үкімі қарсаңындағы алдын ала ойластырылған әрекет болуы мүмкін деп бағалаған.

Мұндай пікірге себеп ретінде ажырасу, әкенің балалармен араласуға ниет танытпауы секілді жайттар сот процесіне ықпал етуі ықтимал деген жорамал айтылады. Алайда бұл — әзірге тек көпшілік арасындағы пікірлердің бірі ғана.

Бұған дейін Гүлайым Рахмонова Instagram парақшасында бұрынғы күйеуі ортақ балаларынан бас тартты деген мазмұндағы жазба жариялаған. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды.

Жол апатына қатысты сот ісі аяқталуға жақын

Еске салсақ, 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы — Екатеринбург тасжолында Toyota Land Cruiser 200 көлігін басқарған Гүлайым Рахмонова жол апатына ұшыраған. Аталған оқиға салдарынан екі жолаушы қаза тапқан еді.

Қазіргі таңда осы іске қатысты сот процесі аяқталуға жақын.

Реклама
Реклама