Реклама
Реклама

Швейцариядағы аламанда қазақ жастары жарқ етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
20.03.2026, 18:07

Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан зор жетістікке жетті.

instagram/@fisfreestyle

Қазақстан қоржынына алтын мен күміс түсті

Асылхан Асан әлемдік доданың финалында үздік өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Дінмұхамед Райымқұлов күміс жүлде иеленді. Осылайша Қазақстан құрамасы бұл жарыста бірден екі орынға ие болып, жанкүйерлерді қуантты.

Айта кетейік, былтыр Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхамед Райымқұлов чемпион атанған.

Асылхан Асан кім?

Биылғы жарыстың басты қаһармандарының бірі – Асылхан Асан. Ол Шымкентте дүниеге келген. Жасы небәрі 16-да. Соған қарамастан жас спортшы халықаралық деңгейде өзін мойындатып үлгерді.

Асылхан бұған дейін Харбинде өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында командалық жарыста күміс медаль алған. Кейін Милан және Кортина-д’Ампеццода өткен Олимпиада ойындарына жолдама алып, 18-ші және 7-ші орындарды иеленді.

Реклама
Реклама