Реклама
Реклама

Паралимпиада қаһарманына үш бөлмелі пәтер берілді

Сарапшы, спорт журналисі
23.03.2026, 14:56

Қазақстандық паралимпиада жүлдегері Ербол Хамитов Солтүстік Қазақстан облысында баспаналы болды.

instagram/@gaueznurmukhambetov

Петропавлдан үш бөлмелі пәтер

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан қоржынына жүлде салған Ербол Хамитов енді Петропавлдан үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл сыйлықты спортшыға Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі табыстады.

Аймақ басшылығы осылайша халықаралық аренада ел беделін көтерген саңлақтың еңбегін жоғары бағалады.

Еске салайық, Ербол Хамитов Италиядағы Қысқы Паралимпиада-2026 ойындарында чемпион атанып, сонымен қатар қола жүлдеге де қол созған.

Осы жетістігінен кейін қазақстандық спортшыға жергілікті билік тарапынан қомақты қолдау көрсетіліп отыр.

Баспанаға өзге спортшылар да ие болды

Петропавлда баспана кілті тек Ербол Хамитовқа табысталған жоқ. Сондай-ақ қазақстандық конькимен жүгірушілер Кристина мен Инесса Шумековалардың отбасына да үш бөлмелі пәтер берілді.

Ал тағы бір танымал спортшы Надежда Морозоваға екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының билігі конькиші қыздарды қосымша қаржылай қолдады. Атап айтқанда, әр спортшыға бір миллион теңгеден табыс етілді.

Айта кетейік, Ербол Хамитов Италиядан елге оралғаннан кейін де құр қол қалған жоқ. Бұған дейін оған Астанадан екі бөлмелі пәтер берілген.

Реклама
Реклама