Михаил Шайдоров қайда? Figure Skating Awards сыйлығына үміткерлер анықталды

Сарапшы, спорт журналисі
25.03.2026, 11:35

 Биыл дауыс беруге әлем бойынша 93 мыңнан астам жанкүйер қатысып, финалдық шортлист қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Әр номинация бойынша үш үміткер ғана финалға өтті.

Фото: ISU

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы 2026 жылғы ISU Figure Skating Awards сыйлығының негізгі үміткерлер тізімін жариялады.

“Ең үздік бағдарлама” номинациясында:

  • Эмбер Гленн (АҚШ)
  • Юма Кагияма (Жапония)
  • Илья Малинин (АҚШ) финалға шықты.

“Ең үздік костюм” номинациясында Пайпер Гиллес пен Поль Пуарье дуэті (Канада) , сондай-ақ Эмбер Гленн мен Илья Малинин үміткерлер қатарында қалды. Сонымен қатар  “Үздік жаттықтырушы” және “Үздік хореограф” аталымдары бойынша да үштік анықталды. 

Үздік жаттықтырушы:

  • Деймон Аллен
  • Филлип Ди Гульельмо
  • Масакадзу Кагияма

Үздік хореограф: Шей-Линн Борн, Бенуа Ришо, Массимо Скали.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бұған дейін “Ең үздік костюм” номинациясының тізіміне енген болатын. Алайда финалдық үштікке өте алмады. Жеңімпаздар 29 наурыз күні Прага қаласында өтетін марапаттау кешінде жарияланады. Бұл рәсім маусым қорытындысын шығарып, әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларын анықтайды.

Әлем чемпионаты кестесі

Еске сала кетсек, дәл осы қалада өтетін  әлем чемпионатына 39 елден 173 спортшы қатысады . Қазақстан атынан құрамада Диас Жиренбаев пен Софья Самоделкина өнер көрсетеді. Маусымның қорытынды сайысы  25 наурызда басталады. Әйелдер арасындағы және жұптық конькимен сырғанаудағы қысқа бағдарламалар 15:30-да басталып, мұз айдынына алғаш болып Софья Самоделкина шығады. Ал ерлер жарысы 26 наурызда 15:30-да өтеді. 

Реклама
Реклама