Садақшылар Азия кубогында қос алтынға ие болды

Сарапшы, спорт журналисі
27.03.2026, 15:23

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының алғашқы кезеңінде медаль қорын айтарлықтай толықтырды.

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы алтын жүлде жеңіп алды. Команда сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов өнер көрсетті. Финалда спортшылар Үндістан құрамасынан 5:4 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ классикалық садақ атудан әйелдер құрамасы да алтын медаль иеленді. Александра Землянова, Самира Жұмағұлова және Диана Тұрсынбек финалда Қытайды 6:2 есебімен жеңді. 

ФОТО: olympic.kz

Ал  блоктық садақ атудан Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов сингапурлық спортшыларды 152:151 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды. Еске салсақ, бұған дейін блоктық садақ атудан командалық әйелдер сайысында Виктория Лян, Роксана және Диана Юнусова да алтын жүлде еншілеген.

Реклама
Реклама