"Биі оттай екен": Серік Сәпиевтің қызы беделді турнирде жарқын нәтиже көрсетті
Қазақстанның атақты боксшысы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің үлкен қызы Аққу Сәпиева спорттық-бал билерінен беделді халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.
Қай жарыста топ жарды?
Аққу Сәпиева World DanceSport Federation аясында өтіп жатқан беделді халықаралық спорттық би турнирінде екінші орынға ие болды. Бұл жарыс Блэкпулде өтіп жатыр. Аталған турнир әлемнің мықты бишілері жиналатын беделді додалардың бірі саналады.
Серік Сәпиев 2026 жылғы 26 наурызда қызының табысын әлеуметтік желі арқылы бөлісіп, қуанышын жасырмады.
Жарияланған құттықтауда:
“Аққу, керемет өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынды иеленуіңмен құттықтаймын”, — деген мазмұндағы жазба жарияланған.
Бұл жазбаны Аққу Сәпиева өзінің Instagram Stories бөліміне қайта жүктеген.
Аққудың өнеріне желі қолданушылары қалай баға берді?
Жас биші өз парақшасында жарыстағы өнерінен үзінділер де жариялаған. Оның сахнадағы образы мен би мәнері оқырмандардың ерекше ықыласына бөленді.
Желі қолданушылары пікірлерде:
- “Керемет!”
- “Өте мықты!”
- “Үздік!”
- “Чемпион!”
- “Құттықтаймыз!”
- “Өте сұлу!”
- “Нағыз жолбарыстай!”
- “Биі оттай екен!” деген секілді жылы лебіздерін жаудырған.
Кейбір оқырмандар Аққудың жетістігін Қазақстандағы жаңалықтар кеңістігінде кеңінен көрсету керек екенін де атап өткен.