Қазақстандық шпагашы екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді (ВИДЕО)
Астанада семсерлесуден шпагамен сайысу бойынша әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Руслан Құрбанов жартылай финалға жолдама алды.
Атақты жапониялықты тоқтатты
Қазақстандық шпагашы ширек финалда Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, жапониялық Кано Кокиден басым түсті. Тартысқа толы өткен бәсеке 9:8 есебімен Руслан Құрбановтың пайдасына аяқталды.
Бұл жеңіс қазақстандық спортшының турнирдегі басты сенсацияларының біріне айналды. Себебі қарсыласы әлемдік семсерлесудегі ең мықты спортшылардың бірі саналады.
Жартылай финалда кіммен кездеседі?
Енді Руслан Құрбанов финал жолдамасы үшін Венгрия өкілі Давид Надьмен сынға түседі. Айта кетейік, венгриялық шпагашы 2024 жылғы Олимпиада ойындарында командалық сында чемпион атанған.
Руслан Құрбанов — Қазақстан семсерлесу құрамасының ең тәжірибелі және табысты спортшыларының бірі. Ол:
- әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері;
- Азияның төрт дүркін чемпионы;
- Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері.
Астанадағы шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңі 29 наурызға дейін жалғасады.