Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирін тең нәтижемен бастады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:40

Қазақстанның үздік шахматшыларының бірі Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турнирі жарысындағы жорығын бастады.

instagram/@fide_chess

Үндістандық шахматшымен тең ойын

Қазақстандық шахматшы бірінші турда үндістандық Вайшали Рамешбабумен кездесіп, партияны тең нәтижемен аяқтады.

Бұл нәтиже турнирдің алғашқы кезеңі үшін маңызды, себебі әрбір ұпай жалпы есепте шешуші рөл атқарады.

Айта кетейік, Үміткерлер турнирі дәстүрлі түрде екі айналымдық шеңберлік жүйе бойынша өтеді. Яғни әр шахматшы қарсыластарының әрқайсысымен екі рет кездеседі.

Осындай формат қатысушылардың тұрақтылығын және тактикалық шеберлігін толық сынайды.

Бибісараның қарсыластары кім?

Биыл Бибісара Асаубаеваға әлемнің мықты шахматшылары қарсылас атанған. Олардың қатарында:

  • Дивья Дешмукх (Үндістан)
  • Вайшали Рамешбабу (Үндістан)
  • Александра Горячкина (Ресей)
  • Чжу Цзиньэр (Қытай)
  • Тань Чжунъи (Қытай)
  • Екатерина Лагно (Ресей)
  • Анна Музычук (Украина)

Бұл тізім турнир деңгейінің өте жоғары екенін көрсетеді.

Турнир жеңімпазы шахматтағы ең басты жекпе-жектердің бірі — әйелдер арасындағы әлем чемпионаты–2026 матчына жолдама алады.

Онда жеңімпаз қазіргі әлем чемпионы, қытайлық гроссмейстер Цзюй Вэньцзюньмен кездеседі.

Реклама
Реклама