Олимпиадаға қатыспаған 116 спортшыға өтемақы төленетін болды
Ресейдің Олимпиада комитеті 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алмаған спортшыларға қаржылай өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.
Өтемақы көлемі қандай?
Ресми дерек бойынша, тізімге 116 спортшы енген. Өтемақы мөлшері спортшылардың бұрынғы Олимпиададағы нәтижелеріне байланысты белгіленген:
- алтын медаль иегерлеріне - 500 мың рубль
- күміс жүлдегерлерге - 350 мың рубль
- қола медаль алғандарға - 250 мың рубль
- қалған қатысушыларға - 150 мың рубль
Комитет бұл өтемақы халықаралық ұйымдардың шешімдерінен зардап шеккен спортшыларды қолдау мақсатында төленетінін түсіндірді. Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев төлемдер туралы шешімді қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен 13 ресейлік спортшымен кездесуде хабарлады.
Сонымен қатар, спорт саласының басшысы Ресей құрамасының әлемдік аренаға оралуының маңыздылығын атап өтті.
"Сіздер ел намысын қорғадыңыздар, біз бәріміз сіздерге жанкүйер болдық. Батылдық пен төзімділік үшін көп рахмет. 4 жылдан кейін келесі қысқы Олимпиада ойындарында көбіңіз медальдар алатынына сенімдімін. Ресейдің спорт министрлігі мен Олимпиада комитеті құраманың халықаралық жарыстарға ұлттық туы және әнұранымен толық оралуын қамтамасыз ету үшін бәрін жасайды.”
Миланда өткен додада ресейлік спортшылардан жалғыз күміс медальді ски-альпинист Никита Филиппов жеңіп алды.