Бүгін ұлттық құрама Әзербайжанға қарсы матч өткізеді. Қайдан көреміз?

Сарапшы, спорт журналисі
13.04.2026, 09:58

Жолдастық кездесу Ақтау қаласында өтеді. 

Vesti.kz

13 сәуір күні Қазақстан ұлттық футзал құрамасы Ақтау қаласында Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді. 

Матчтың тікелей трансляциясы

Қазақстан — Әзербайжан ойынының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Кездесуді "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 5 сәуірден бастап Ақтауда оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Осы жиын аясында команда Әзербайжанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Екінші ойын 15 сәуірге жоспарланған.

Соңғы нәтижелерге шолу

Қазақстан құрамасы соңғы ресми матчтарын 2025 жылдың қыркүйек айында өткізген болатын. Еуро-2026 турниріне іріктеу кезеңінде ұлттық құрама Италиямен екі матчтың қорытындысы бойынша (1:2, 3:2, пенальти — 0:2) жеңіліп, құрлықтық додаға жолдама ала алмады.

Ал Әзербайжан құрамасы соңғы ресми ойынын 2024 жылдың сәуір айында өткізді. Еуро-2026 іріктеу кезеңінде олар Хорватия құрамасынан 1:4 есебімен жеңіліс тапқан еді.

Реклама
Реклама