Қазақстан құрамасы Какау оралғаннан кейін Әзербайжанды тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі
13.04.2026, 22:03

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы  жолдастық кездесуде 9:2 есебімен жеңіске жетті. 

instagram/@kff_team_futsal

Какаудың тұсындағы алғашқы матч

Ақтауда өткен бұл матчта қазақстандық футзалшылар шабуылдағы белсенділігімен көзге түсіп, жанкүйерлерге голға толы ойын сыйлады.

Кездесудің бастапқы бөлігінде Әзербайжан қақпашысы Джавад Мамедов өз командасын бірнеше мәрте құтқарып, есептің ашылуына жол бермей тұрды. Алайда 14-минутта Қазақстан капитаны Лео Игита алыстан дәл соққы жасады. 

Осыдан кейін алаң иелері қарқынын күшейтіп, сол минуттарда Әбдірасул Әбдуманапұлы да мергендер қатарына қосылды. Қонақтар сапынан Новруз Казиханов есеп айырмасын қысқартқанымен көп ұзамай Альберт Ақбалықов Қазақстанның басымдығын қайта қалпына келтірді.

Екінші таймда Қазақстан толық үстемдік танытты

Үзілістен кейін қазақстандықтар қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырмады.

Екінші таймда:

  • Біржан Оразов — 24-минутта;
  • Ақжол Дәрібай — 30-минутта;
  • Ақеділ Мадияров — 31-минутта;
  • Біржан Оразов — 32-минутта дубль авторы атанды;
  • Арнольд Кнауб — 33-минутта;
  • Ақеділ Мадияров — 37-минутта екінші голын соқты.

Матчтың соңына қарай әзербайжандық Рустамли Октай бір голмен жауап қайырды. Осылайша кездесу 9:2 есебімен Қазақстан құрамасының айқын жеңісімен аяқталды.

Екінші матч қашан өтеді?

Екі құрама арасындағы екінші жолдастық ойын 15 сәуірде өтеді. Бұл кездесу де жанкүйерлер үшін қызықты болмақ, себебі Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлік кезеңдегі тұрақтылығын тағы бір мәрте дәлелдеуге тырысады.

Айта кетейік, бұл матч Қазақстан ұлттық құрамасының Кака кеткеннен кейінгі және Какау қайта оралғаннан кейінгі алғашқы ойыны болды. Команданың бірден ірі есеппен жеңіске жетуі жанкүйерлерге үлкен үміт сыйлады.

Реклама
Реклама