Закир Найманбаев Power Slap рейтингінде үздік үштікке енді
Қазақстандық спортшы ауыр салмақтағы дивизионда өнер көрсетеді.
Қазақстандық спортшы Закир Найманбаев Power Slap лигасының жаңартылған рейтингінде үздік үштікке көтерілді.
Рейтингтегі серпіліс
UFC президенті Дана Уайт негізін қалаған лигада Найманбаев бір сатыға жоғарылап, ауыр салмақта үшінші орынға тұрақтады. Қазіргі таңда ол тек Дориан Перес пен Нейт Бёрнард сияқты спортшылардан ғана қалып тұр.
Ал дивизион чемпионы – Дэмиен Диббелл.
Закир Найманбаев соңғы кездесуін 6 наурыз күні Лас-Вегаста өткен Power Slap 18 турнирінде өткізді. Бұл жекпе-жекте ол америкалық Уэсли Менаны төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.
Статистикасы
Қазіргі уақытқа дейін қазақстандық спортшы Power Slap аясында:
- 5 жекпе-жек өткізді
- 3 жеңіске жетті
- 2 рет жеңілді
Семей қаласының тумасы Закир Найманбаев халықаралық аренада өзін сенімді көрсетіп, ерекше форматтағы спортта ел намысын қорғап жүр.