Қазақстан Өзбекстанды ірі есеппен жеңді

Жекпе-жек шолушысы
22.07.2026, 17:15

Су добынан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Бангкоктағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

instagram.com/qaz_team_official/

Қазақстан құрамасы 22 гол соқты

Қазақстандық ватерполшылар матчтың алғашқы минуттарынан-ақ басымдықты өз қолына алып, қарсылас қақпасына 22 гол соқты. Кездесу Қазақстан құрамасының 22:8 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.

Осылайша Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Финалдық жолдама үшін қазақстандықтар Сингапурмен кездеседі.

Қыздар Қытайға есе жіберді

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы Қытаймен ойнады. Кездесу 15:7 есебімен Аспанасты елі құрамасының пайдасына аяқталды.

Келесі кезеңде әйелдер құрамасы Өзбекстан ватерполшыларымен кездеседі.

Реклама
Реклама