Қазақстандық үстел теннисшілері халықаралық турнирде күміс жүлде еншіледі

Спорт шолушысы
Бүгін, 14:50

Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки Ташкенттегі халықаралық турнирде финалға дейін жетті.

Olympic.kz

Құрама өкілдері Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық жұп ерлер арасындағы жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін бірнеше мықты қарсыласты жеңді. Турнир барысында олар

  • Францияның Эстебан Дорр / Флориан Буррассо жұбын 3:2;
  • Өзбекстанның Шохрух Искандаров / Кутбидилло Тешабоев дуэтін 3:0;
  • Ресейдің Денис Ивонин / Никита Артеменко жұбын 3:1 есебімен жеңді.

Финалда Ресей құрамасына жол берді

Алтын жүлде үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандық спортшылар Ресей өкілдері Максим Гребнев пен Лев Кацманнан 0:3 есебімен жеңіліп, турнирдің күміс жүлде иегерлері атанды.

Реклама
Реклама