Қамаудан шыққан Данияр Елеусінов жұбайымен түскен суретін жариялады
Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 15 тәулікке қамауға алынғаннан кейін әлеуметтік желіге қайта оралды.
Елеусінов қамаудан босатылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов әкімшілік жазасын өтеп, қамаудан шықты.
Бокшы әлеуметтік желідегі парақшасын жаңартып, жұбайымен бірге түскен алғашқы фотосын көпшілік назарына ұсынды.
Айдың басында Данияр Елеусінов Әнуарбек "Мотиватор" Бекенбетов пен Мұхит Амантаевтың жекпе-жегіне қатысты видео жариялаған. Одан кейін боксшының мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны хабарланды. БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, Елеусінов жол-көлік оқиғасына тап болып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
Сот шешімімен боксшы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
BoxRec рейтингінен шығарылған
Оқиғадан кейін Данияр Елеусіновтің BoxRec порталындағы рейтингіне қатысты да өзгеріс болды. Қазақстандық боксшы бір жылдан астам уақыт ресми жекпе-жек өткізбегендіктен аталған рейтингтен шығарылды.
Данияр Елеусінов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы. Кәсіпқой рингте жеңіліссіз өнер көрсетіп келеді.