Жарнама
Жарнама

Жавохир Синдаровты Үндістанда ерекше құрметпен қарсы алды

Танымал шахматшыны Бангалор қаласының қонақүй қызметкерлері жергілікті дәстүр бойынша салтанатты түрде қарсы алды, 

Жавохир Синдаровты Үндістанда ерекше құрметпен қарсы алды
instagram/@javokhir_sindarov

Синдаровтың маңдайына тилак белгісі қойылды

Chess with Lokesh Instagram парақшасында гроссмейстердің Бангалордағы қонақүйге келген сәтінен видео жарияланды.

Бейнежазбада дәстүрлі сари киген бойжеткеннің шахматшыны шам, гүлдер мен тәтті тағамдар қойылған табақпен қарсы алғанын көруге болады. Ол Синдаровқа дәм ұсынып, кейін оның маңдайына қызыл түсті тилак белгісін қойды.

Үнді мәдениетінде тилак бата беру, құрмет көрсету және қадірлі қонақты қарсы алу нышаны саналады.

Tech Mahindra Global Chess League турниріне қатысады

Жавохир Синдаров Бангалорға Tech Mahindra Global Chess League 2026 командалық лигасының төртінші маусымына қатысу үшін барған.

Өзбекстандық гроссмейстер беделді жарыста FYERS American Gambits клубының көшбасшысы ретінде өнер көрсетеді.

Жүлде қоры бір миллион доллар болатын турнирде Синдаров Бибісара Асаубаевамен бір командада өнер көрсетеді. Қазақстан өкілі де америкалық FYERS American Gambits клубының құрамына енген.

Осылайша Орталық Азияның қос танымал шахматшысы командалық додада бірлесіп жеңіс үшін таласады.

Жарнама
Жарнама