Қазақстан құрамасы финалда Қырғызстаннан ойсырай жеңілді
Екі ел арасындағы бәсеке мұнымен аяқталмайды. 6 қыркүйекте Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көкпар бойыншв финалдық кездесуінде де өзара сынға түседі.
Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк-бөрү сайысының финалы аяқталды. Шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы жарыс қожайыны Қырғызстанмен кездесіп, 0:12 есебімен жеңіліп қалды.
Үш кезеңге созылған финалда қырғызстандық команда басымдық танытып, турнирдің алтын жүлдесін иеленді. Қазақстан құрамасы күміс медальға қол жеткізді.
Қазақстан мен Қырғызстан көкпарда да кездеседі
Екі ел арасындағы бәсеке мұнымен аяқталмайды. 6 қыркүйекте Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көкпардың финалдық кездесуінде де өзара сынға түседі.
Шешуші матч Қазақстан уақытымен 11:00-де басталады. Осылайша, көк-бөрү финалынан кейін қос құраманың текетіресі көкпар алаңында жалғасады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталады
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бішкекте 31 тамызда басталған.
Биылғы жарысқа әлемнің 113 елінен шамамен 3000 спортшы қатысып, 43 дисциплина бойынша жүлделерді сарапқа салып жатыр.
Ойындар бүгін, 6 қыркүйекте мәресіне жетеді.