Жарнама
Жарнама

Қазақстан әлем чемпионатымен қоштасты

Соккадан Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласындағы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады.

Қазақстан әлем чемпионатымен қоштасты
instagram/@pfs6.pl

Екі доп басымдығын сақтай алмады

Ұлттық команда ширек финалда Польшадан 2:3 есебімен ұтылды. Кездесудің алғашқы бөлігінде қазақстандық футболшылар сенімді өнер көрсетіп, үзіліске 2:0 есебімен кеткен. 

Бірақ екінші таймда Польша құрамасы ойын барысын өзгертіп, қатарынан үш гол соқты.

Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған әрі турнир фавориттерінің бірі саналған Қазақстан құрамасы осылайша әлем чемпионатының ширек финалынан аса алмады.

Польша құрамасы финалға берілер жолдаманы жарыс қожайындары Германиямен сарапқа салады. 

Қазақстанның ӘЧ-2026 турниріндегі нәтижелері

Қазақстан құрамасы H тобындағы үш ойында да жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алған еді:

  • Қазақстан – Ирак — 13:1;
  • Қазақстан – Түркия — 8:1;
  • Қазақстан – Бельгия — 5:1.

Ұлттық құрама 1/8 финалда Венгриямен кездесті. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында 2:0 нәтижесімен басым түсті.

Жарнама
Жарнама