Карлсен мен Синдаров арасындағы матч ірі есеппен аяқталды
Бангалордағы Tech Mahindra Global Chess League турнирінің үшінші турында Alpine APL Pipers пен FYERS American Gambits командалары кездесті.
Карлсен мүмкіндік бермеді
Кездесудің басты бәсекелерінің бірі бірінші тақтада өтті. Әлемнің бұрынғы чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен Жавохир Синдаровпен ойнады.
Карлсен партияның алғашқы жүрістерінен-ақ бастаманы қолға алып, қарсыласына ойын барысын өзгертуге мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде норвегиялық гроссмейстер сенімді жеңіске жетті.
Командалық кездесуде Alpine APL Pipers қарсыласы FYERS American Gambits командасын 15:3 есебімен ойсырата ұтты.
Бибісара Асаубаева командасына бір ұпай әкелді
FYERS American Gambits сапында өнер көрсететін қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева үшінші турда үндістандық Дивья Дешмухпен кездесті.
Тараптар партия соңында тең нәтижеге келді. Осылайша Асаубаева командасының қоржынына бір ұпай қосты.