ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
"Қайрат" пен "Семей" Алматыда нағыз триллер жасады
instagram.com/afckairat/

"Қайрат" пен "Семей" Алматыда нағыз триллер жасады

Футзалдан Қазақстан чемпионатының үшінші турда алматылық "Қайрат" өз алаңында "Семейді" қабылдады.

"Семей" есепті бірінші болып ашты

Кездесудің алғашқы голын қонақтар соқты. Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов "Семейді" алға шығарды. Бірақ көп ұзамай қонақтардың қақпашысы Жайме алаңнан қуылып, "Қайрат" сан басымдығын пайдаланды. Азат Валиуллин есепті теңестірді.

Бұдан кейін Шыңғыс Есенаманов "Семейді" қайта алға шығарғанымен бірінші тайм аяқталғанша алматылықтар жағдайды өзгертіп үлгерді. "Қайрат" сапынан Атирсон Оливейра мен Кайо Руис мергендік танытып, алаң иелеріне басымдық әкелді. Нәтижесінде командалар үзіліске 3:2 есебімен аттанды.

Екінші таймда "Қайрат" есепті 5:2-ге жеткізді

Үзілістен кейін алматылық клуб шабуылын жалғастырды. Жахангир Рашит пен Кайо Руистың голдарынан соң есеп 5:2 болды. Дегенмен "Семей" соңына дейін күресті. Қонақтар сапынан Педриньо мен Дедезиньо екі доп соғып, айырманы минимумға дейін қысқартты. Соған қарамастан "Қайрат" қалған уақытта басымдығын сақтап, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойынға дейін екі команда да алты ұпайдан жинаған. Үшінші турдағы жеңістен кейін "Қайраттың" еншісінде 9 ұпай болды. Осылайша алматылық клуб Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде жеке-дара көш бастады. Қос ұжым арасындағы келесі кездесу 20 қыркүйекте өтеді.

Жарнама
Жарнама