ҚПЛ 1-тур
Жарнама
Жарнама
Қазақстан Азия ойындарында ТОП-3-тен түсіп қалды: медаль кестесі жаңарды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан Азия ойындарында ТОП-3-тен түсіп қалды: медаль кестесі жаңарды

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жалпыкомандалық есебінде төртінші орынға түсті.

Оңтүстік Корея Қазақстанды қайта басып озды

Айти мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының үшінші жарыс күніндегі медальдар сарапқа салынып болды. Қазақстан құрамасы ММА шебері Қадырбек Шынбаевтың жеңісінен кейін алтын медаль саны бойынша Оңтүстік Кореямен теңесіп, уақытша үшінші орынға көтерілген еді. Бірақ кейін кореялықтар да алтын жүлде алып, қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстаннан қайта алға шықты.

Қазір Қазақстанның қоржынында 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар. Жалпы саны – 12 жүлде.

Азия ойындарының медаль кестесі

Үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша көш басындағы құрамалар:

1. Қытай – 31 алтын, 13 күміс, 8 қола. Барлығы – 52 медаль.
2. Жапония – 11 алтын, 15 күміс, 19 қола. Барлығы – 45 медаль.
3. Оңтүстік Корея – 6 алтын, 4 күміс, 17 қола. Барлығы – 27 медаль.
4. Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс, 5 қола. Барлығы – 12 медаль.

Сонымен қатар Тәжікстан 2 алтын, 1 күміс және 1 қоламен жетінші орында тұр. Өзбекстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 4 күміс және 1 қола бар – олар тоғызыншы орында.

Түрікменстан бір күміс медальмен 25-сатыда, ал Қырғызстан үш қола жүлдемен 29-орында келеді.

22 қыркүйекте Қазақстан төрт медаль жеңіп алды

Бүгін Қазақстан құрамасы үшін нәтижелі күндердің бірі болды. Ел қоржынына төрт бірдей жүлде түсті.

Каратэден Бэлла Самашева 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлде жеңіп алды. Ал Нұрқанат Әжіқанов 75 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

ММА-дан Қазақстан құрамасы бірден екі алтын медаль еншіледі. Еркінғали Бүркітәлин 77 келіде чемпион атанса, Қадырбек Шынбаев 71 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Жарнама
Жарнама