Жарнама
Жарнама
Африкада туған қазақстандық жеңілатлет Азиада медалісіз қалды
olympic.kz

Африкада туған қазақстандық жеңілатлет Азиада медалісіз қалды

Қазақстан атынан сынға түскен Азия чемпионы Дейзи Джепкемей Жапониядағы Азия ойындарында үздік үштікке кіре алмады.

Жүлдеге бір табан жетпей қалды

Айти мен Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында 10 000 метрге жүгіру бәсекесі мәресіне жетті. Медаль үшін 13 жеңілатлет таласқа түсті.

2022 жылдан бері Қазақстан намысын қорғап жүрген Дейзи Джепкемей мәре сызығын төртінші болып кесіп, қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Азиада чемпионы атағын бахрейндік Винфред Яви жеңіп алды. Жапониялық Нозоми Танака күміс медаль иеленсе, үнді қызы Сима үздік үштікті түйіндеді.

Дейзи Джепкемейдің жетістіктері

Дейзи Джепкемей — 10 000 метрге жүгіруден 2025 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында құрлық біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алған.

Осыған қарамастан тәжірибелі жеңілатлет Азиада-2026 турнирінде Қазақстан қоржынына медаль сала алмады.

Жарнама
Жарнама