Жарнама
Жарнама
Қазақстандық спортшы Азиада додасында допингпен ұсталды
instagram.com/aiana_bolatbekkyzy

Қазақстандық спортшы Азиада додасында допингпен ұсталды

Жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Азиада-2026 кезінде тапсырған допинг сынамасынан тыйым салынған зат анықталғаннан кейін уақытша шеттетілді.

Допинг сынамасынан не анықталды?

ITA хабарламасына сәйкес, қазақстандық спортшының сынамасынан дростанолон метаболиті табылған. Бұл зат допингке қарсы ережелер бойынша тыйым салынған заттар қатарына жатады.

Агенттік Азия Олимпиадалық кеңесінің атынан Болатбекқызына допингке қарсы ережелерді ықтимал бұзу туралы хабарлаған.

Спортшы іс қаралып біткенге дейін уақытша шеттетілген. Осы кезеңде оған Айти және Нагоядағы Азия ойындары аясында жарысқа қатысуға, жаттығуға, бапкерлік қызмет атқаруға және өзге де іс-шараларға араласуға тыйым салынады.

Бұл шараны түпкілікті дисквалификация туралы шешіммен теңестіруге болмайды: істі қарау жалғасып жатыр.

Азиадада қандай нәтиже көрсетті?

Аяна Болатбекқызы 26 қыркүйекте әйелдер арасындағы 1500 метрге жүгіру финалында 10-шы орынға ие болған.

Келесі күні 800 метрге жүгірудің іріктеу кезеңінде 12-ші нәтиже көрсетіп, финалға өте алмады.

Жарнама
Жарнама