Көшпенділер ойындарында Қазақстан 23 медаль иеленді
Жарнама
Жарнама
Астанада өтіп жатқан бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржыны тағы 23 медальмен толықты.
Оның жетеуі алтын, жетеуі күміс, тоғызы қола. Бүгін көкпардан ұлттық құрама АҚШ-ты 12:4 есебімен ойсырата жеңсе, жамбы атудың түркі стилі бойынша сынға түскен спортшыларымыз бірінші және үшінші орындарды иеленді. Ал палуандар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдені еншіледі. Сонымен қатар, кураш, мас рест-линг, аударыспақ, тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан да спортшыларымыз үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама