ӘЧ-2024: Испания — Қазақстан матчын қайдан көруге болады?

Редактор Penalty.kz
13.09.2024, 07:27

Қыркүйектің 15-і күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты аясында алғашқы матчын өткізеді.

olimpbet arena

Рикардо Кака шәкірттері Испаниямен күш сынасады. 

Ел жанкүйерлері "QAZSPORT" телеарнасы арқылы додалы жарыстың кездесулерін тамашалай алады. Испания – Қазақстан матчының тікелей көрсетелімі Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. 

Қазақстан топтың кезеңде Жаңа Зеландия мен Ливия құрамаларына қарсы ойнайды. Үздік екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. 

Айта кетейін, 2024 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанда өтеді. Байрақты бәсеке 14-ші қыркүйекте басталып, қазанның 6-сында аяқталады.