Ескек есуден спортшыларымыз олжалы болды
17.09.2024, 10:54
Аталған спорт түрінен Қытайда Азия біріншілігі өтіп жатыр.
old.bigenc.ru
Қытайдың Шэньян қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден 19 бен 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз ел қоржынына 1 күміс пен 1 қола медаль салды.
23 жасқа дейінгілер арасында 2000 метрге бақ сынаған ерлер командасы мәреге екінші жетті. Ал дәл осы санатта өнер көрсеткен қазақ бұрымдылары үшінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, сары құрлық чемпионатына бас-аяғы 19 елден 300-ден астам спортшы келді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама