Ұлттық құрама: жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз

Редактор Penalty.kz
30.09.2024, 09:03

Футзалдан әлем чемпионатының кезекті кездесуі алдында футзалдан ұлттық құрама өкілдері осындай мәлімдеме жасады.

Vesti.kz

Жартылай финалға жолдама алып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Футзалдан әлем чемпионатының кезекті кездесуі алдында футзалдан ұлттық құрама өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Рикарда Кака баптайтын жігіттер кеше Ташкент қаласына жетіп, негізгі ойын өтетін Хумо Аренада дайындықтарын пысықтап жатыр.

«Кезекті дайындыққа кірістік. Португалиямен болған мачты ұмытып, барлық ынтамызды Аргентинаға ауыстыруымыз қажет. Жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Жаттығулар да ойдағыдай өтіп жатыр. Қайтадан барлық күшімізды жиып, командалық ауызбіршілік танытып, қазақ жанкүерлеріне әдемді футбол көрсетуге тырысамыз», -дейді ұлттық құрама капитаны Лео Игита.  

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина командасымен кездеседі. Бұл ойын бүгін 20:00-де басталады.

Естеріңізде болса, командалар әлем біріншілігі алдында Алматыда жолдастық кездесу өткізген еді. Сол кезде жерлестеріміз 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Десе де, босаңсуға болмайды дейді мамандар. Аргентина құрамасының әлем чемпионы болғанын және одан кейін әлем чемпионатының финалында да ойнағанын ұмытпау керек.